Шаһар шежіресі
Балдәурен балалық

Мына сурет 1972 жылы күз айында Целиноградтың орталық саябағында түсірілген. «Менің балалық шағымның бір көрінісі» деп еске алады осы сәтті байырғы қала тұрғыны Ирина Арндт (ортадағы малақай киген қыз).
[smartslider3 slider=3478]
«Бізді ата-анамыз күзгі каникул кезінде осылай қыдыртатын. Сол күні мен «Шайтан шеңберде» (карусель солай аталатын) айналғым келді. Сөйтіп, әп-сәтте қаланың төбесінен қарап, мәз-мейрам болдық. Биіктік деген қандай керемет! Әсіресе, арман қиялына мінген балалық шақта қанат бітіп ұшып кеткің келеді» деп толғанады автор.
[smartslider3 slider=3479]
Қазір бұл саябақтағы аттракциондар мүлдем басқа. Өмір де, адам да жаңарған.