2022 - Балалар жылы

Балдырғандар көңілін көтерді

Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданы әкімдігінің қолдауымен Балалар жылы аясында «Бақытты балалық шақ» жобасы өтуде.

[smartslider3 slider=3190]

Жобаның ұйымдастырушысы Гүлбаршын Бақытжанқызы елордамыздағы «Аяла 2» балабақшасымен бірлесе 20-дан аса баланы «Атамекен: Қазақстан картасы» этномемориалдық кешеніне, «Ailand» ойын-сауық орталығына апарып, көңілдерін көтерді.

Жобада түрлі тақырыптық ойындар ойнатылып, балдырғандарды таза ауадағы белсенділікке шақырып, ойын арқылы мәдениеттілікке тартып, саламатты өмір салтын насихаттады. Балғындардың шығармашылық әлеуетін дамыту бағытында этномемориалдық кешенде еліміздің тарихы, мәдениеті, географиясы туралы 500-ден астам ел құндылықтарын балаларға таныстыру жұмысы жүргізілді.

«Бақытты балалық шақ» жобасы аясында Нұр-Сұлтан қаласындағы әлеуметтік жағдайы төмен балаларды, ата-анасынан айырылған, көпбалалы отбасыдан шыққан балаларды осындай экскурсияларға апару және көңіл көтеру шараларын ұйымдастыру жоспарланды. Балдырғандардың балалық шағын бақытты естеліктермен осылайша толтырғымыз келеді. Жобада тағы да басқа спорттық сайыстар, түрлі шаралар келесі аптада жалғасын табады. Спорттық сайыста жеңіске жеткен балаларға арнайы сыйлықтар табысталады. Осындай керемет жобалар елімізде көп болса екен» дейді Гүлбаршын Бақытжанқызы.

«Аяла 2» балабақшасының меңгерушісі Ақкенже Қожатайқызының айтуынша, осындай шараның мақсаты – балабақшадағы балаларды қоршаған орта мен өмірлік құбылыстарды сезінуге, өзіндік қабілетін ашуға үйретіп, қарапайым шығармашылық іскерліктер мен дағдыларды меңгерген бала тұлғасын қалыптастыру.

Мақсат РАХЫМБЕРДІ,

Л.Гумилев атындағы
ЕҰУ студенті

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button