Жаңалықтар

БАҚ-ТА АЛҒА БАСУ БАР

Медиа орталықта Бас редакторлар клу­бы Қазақстандағы АҚШ елшілігінің ықпалымен және «Қазмедиа орталығы» басқарушы компания» ЖШС бас директоры, клуб мүшесі Қ.Сахарияновтың көмегімен «Қазіргі медиа – дәстүрлі БАҚ» тақырыбында жур­налистерге арналған оқу-әдістемелік семинар өткізді. Шараға 20дан аса БАҚ өкілдері, блогерлер және өзге де әлеуметтік тораптармен айналысушылар қатысты.

Жиынды ашқан клуб президенті Кенжеболат Жол­дыбай басқосу қоғамдық бірлестік пен елшіліктің арасында қалыптасқан дәстүрлі шығармашылық ынтымақтастық шеңберінде атқарылып отырғанын атап өтті. Оқу-әдістемелік семинардың мақсаттарына тоқталған ол бүгінгі журналистиканың даму қарқынын тілге тиек етті. Алай­да, кәсіби біліктіліктің күрт төмендеуін де сөз етті.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button