Ел тынысыСпорт

Бақбергенова бет қаратпады

Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында әйелдер күресінен VI жазғы Спартакиада аяқталды. Айтулы бәсекеде 72 келі салмақта белдескен елордалық балуан Жамила Бақбергенова бірінші орын алды.

Ол финалда Батыс Қазақ­стан облысынан келген Анастасия Панасовичті айқын басымдылықпен ұтты. Үшінші орыннан Ақмола облысының намысын қорғаған Александра Зайцева мен Қарағанды облысының балуаны Ақмарал Асанқызы көрінді.

Айта кететіні, Жамила Бақбергенова 2020 жылы Үндістанның астанасы Нью-Делиде өткен Азия чемпионатында қарсылас шақ келтірмей, бірінші орын алды. 2021 жылы Норвегияның Осло қаласында, 2022 жылы Сербияның Белград қаласында өткен әлем чемпионатында күміс медаль бұйырды.

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button