Қала мен Сала

Бақта балық өсірілмейді

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі Ботаникалық бақтағы балықтардың қырылуына қатысты түсініктеме берді. Әкімдік баспасөз қызметінің мәліметінше, Ботаникалық бақта балық өсірілмейді. Ондағы тоған қолдан жасалған әрі тек суару жүйесінің, субұрқақтың қызметін атқарады.

[smartslider3 slider=2663]

– Есіл ауданының әкімдігі жасанды су айдынында балық өсірмейді, өйткені бұл су айдыны балықтардың тіршілігіне арналмаған. Балық шабақтары тоғанға табиғи жолмен Нұра арнасы арқылы кірген болуы мүмкін, тоғанға су арна арқылы келеді. Резервуардың тереңдігі 0,5 м-ден 3,5 м-ге дейін. Күн суыта бастаған кезде резервуар түбіне дейін толығымен қатып қалады. Тоған жасанды болғандықтан қыста ойықтар көмектеспейді, өйткені тоған балықтың өмір сүруіне арналмаған, – деп жазылған хабарламада.

Күн жылынғаннан кейін әкімдік тоғанда тазарту жұмыстарын жүргізбек.

Естеріңізге сала кетсек, бірнеше күн бұрын әлеуметтік желіде елорданың Ботаникалық бағындағы тоғанда балықтардың қырылып қалғаны туралы видео тараған болатын.

 

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button