Сұхбат

БАҚЫЛАУДЫ КҮШЕЙТТІК

gepatit_a

Осыдан бір ай бұрын мектеп оқушылары арасында вирусті А гепатиті өршігені байқалды. Осыған байланысты Астана қаласы бойынша Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті қандай шараларды қолданды? Жалпы, вирусті А гепатиті қандай ауру? Осы жөнінде аталмыш департаменттің Эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы Салтанат Әубәкіровадан білген едік.

– Вирусты А гепатиті туралы жалпы мәлімет беріп, оны алдын алудың жолдарын айтсаңыз.

– Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәлімет­терінше, бұл – адамдардың ара­сында ең көп таралатын­ жұқ­палы ауру. Шамамен алғанда жыл сайын әлем­де осы ауруға 1,4 млн адам шал­ды­ға­ды. Алдымен адамның бауыры зақымданып, бұл жағдай сарыауруға апарады. Оның таралу жолы жалғыз – науқастанған адамнан басқа адамға жұғады. Бұл вирус­пен көбінесе 14 жасқа дейін­гі балалар ауырады. Сыр­қат­та­ну­шы­лардың 50 пайыздан астамы осы жастағы балалар болғаннан кейін статистика осылай дейді.

Оны алдын алу үшін арнау­лы шара – вакциналау­ қол­да­нылады. Астана қаласында 2005 жылдан бастап жоспарлы түрде 2 жасар сәбилерді иммундау жүргізіледі. Ол вакцина жергілікті бюджет есебінен сатып алынады.

– Мектеп оқушылары арасында аталмыш вирус­тың өршуіне байланысты­ қандай шараларды қолдан­ды­ңыздар?

– Мектептерді сумен­ жаб­дық­тау жүйесін, эпидемияға қарсы режимді бақылауды күшейт­тік. Одан басқа бұрын екпе жасалмаған 1,2,3,4 сынып­тар­дың оқушыларын, сондай-ақ, олармен қатынаста болған жоғары сынып оқушыларын иммундау шешімі қабылданып, іске асырылуда.

– Ал, ересек адамдарға екпе жасау қарастырылған ба?

– Вирусқа қарсы екпе жасат­қы­сы келетін үлкендерге «OpenClinic» емханасына барып, ақылы түрде екпе жаса­ту­ға кеңес береміз.

 

Аманғали ШМИТҰЛЫ

 

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button