Бар қазақтың Бельгері
Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы-публицист, аудармашы Герольд Бельгердің 90 жылдығына орай екі томдық «Таңдамалылар» жинағының тұсаукесері өтті.
Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы Рустам Али министр Аида Балаеваның құттықтау хатын оқып берді. Жиынды жүргізген журналист, әдебиеттанушы ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сауытбек Абдрахманов Герольд Бельгердің шығармашылық лабораториясының ерекшелігіне тоқталып, жазушының тұлғалық келбеті туралы әңгімеледі. Іс-шараға қатысқандар қаламгердің еліміздің руханиятына қосқан үлесін және жас
ұрпақты тәрбиелеудегі рөлін айырықша атап өтті. ҰҒА академигі, Ұлттық құрылтай мен Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Кәрімбек Құрманәлиев студенттік шақта Герольд Бельгермен кездесу туралы әңгімелеп, бұл жүздесудің кейіннен ғылымға келуіне, ғылыми еңбектерінің жазылуына үлкен әсері тигенін айтты.
Бір айта кетерлігі, Герольд Бельгердің жаңа екі томдық «Таңдамалылар» жинағына 140-тан аса шығармалары мен аудармалары еніп, әрқайсысы 3000 данамен жарыққа шықты.