ЖаңалықтарҚала мен Сала

БАРД ӘНДЕРДІҢ БАЙҚАУЫ

бард

Елордада 25-27 шілде күндері «Астана – 2014» бард әндерінің халықаралық фестивалі өтеді. Іс-шараға Ресей мен Қазақстанның белгілі авторлары мен орындаушылары қатысады.

Олардың арасында Юлий Ким, Михаил Щербаков, Михаил Кочетков, Раиса Нұр, Жеңіс Ысқақов, Александр Бормотов және тағы басқа танымал өнерпаздар бар. Аталмыш шараның ұйымдастырушысы Мақсат Сәрсенбековтің айтуынша, авторлық әндердің Челябинск, Екатеринбург, Омбыл және Алтай клубтарының өкілдері де қатысады екен. Туристік базада өтетін ән кешін Астана тұрғындары мен қонақтары тамашалай алады.
Қазіргі уақытта авторлық әндер жанр ретінде қарқынды дамуда. Бұл фестиваль 1979 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. 1999 жылы халықаралық мәртебеге ие болды. Ауқымы мен деңгейі жағынан ТМД-дағы ең маңызды шаралардың біріне айналып отыр.

Еркежан СӘТІМБЕК

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button