ӘлеуметЖаңалықтар

«БӘРІМІЗ БІРДЕЙМІЗ – КЕМСІТУДІ БІЛМЕЙМІЗ»

мугедектер биі

«Жастар» сарайында «Бәріміз бірдейміз – кемсітуді білмейміз» байқауы басталды. Естеріңізде болса, былтыр мүмкіндігі шектеулі жандар арасында өткен республикалық сайыста «Ал, құрбым» әнімен астаналық А.Нұғыманова «Үздік орындаушы» аталымы бойынша 2-орынды алған еді. Ал, «Ең тату отбасы» байқауы бойынша мүгедек бала тәрбиелеп отырған Врублевтер отбасы қазылар алқасының сыйлығын иемденген болатын.

Биылғы жарыстың алғашқы кезеңінде де «Ең тату отбасы», «Ең үздік би», «Үздік орындаушы» және «Үздік жасампаз» аталымдары бойынша елуден астам үміткерлер өнерін ортаға салды. Конкурс ережесіне сай өнерімен озғандар іріктеліп, республикалық деңгейдегі сынаққа жолдама алады.

Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың шығар­машылық әлеуетін танытып, олардың оқшау өміріне өзгеріс алып келген ауқымды шара үлкен серпінмен қолдау тапқан болатын. Биылғы сайысқа қатысушылардың саны мен дайындығы осыны тағы да дәлелдеді деуге болады.

Айгүл УАЙСОВА

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button