Тәуелсіздікке 30 жыл

Бәріміз үшін қастерлі

Бұл – ұлттық, жалпыхалықтық мереке. Бұл – ата-бабаларымыздың аңсаған арманы, аңсары. Осы тәуелсіздікке қызмет ету біздің буынның маңдайына бұйырды.

[smartslider3 slider=1434]

Иығына жүк түсті. Біздің халқымыз қазір осы елдіктің жолында жаңа белестерге бет алып келе жатыр. Сондықтан да біз үшін ең маңыздысы – еліміздің амандығы, жұртымыздың тыныштығы, халқымыздың ынтымақ-бірлігі. Соның ішінде ең бастысы сананың азаттығы дер едім. Жалпы қазақтың әр баласы азат болуға тырысуы керек. Санамыз азат болмайынша, тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуы қиындай береді. Сондықтан жас буын, жас ұрпақ осы тәуелсіздікті көзінің қарашығындай қадірлеп, қастерлеп, аялай берсін деген тілек айтқым келеді.

Нұртөре ЖҮСІП,

ҚР Парламенті Сенатының депутаты

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button