Uncategorized

Барлық өңірде 21 қарашада дабыл белгісі қосылады

Төтенше жағдайлар министрлігі маңызды мәлімдеме жасады, деп хабарлайды www.astana-akshamy.kz/

Ведомство Қазақстанның барлық қаласында 2024 жылғы 21 қарашада дабыл белгісі қосылатынын ескертті.

2024 жылғы 21-22 қараша аралығында елімізде “Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін қысқы кезеңдегі төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-қимылдарға дайындау” тақырыбында “Қыс – 2024″ республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізіледі.

Оқу-жаттығудың республикалық штабы Көкшетау қаласында орналасқан.

Оқу-жаттығуға жергілікті атқарушы органдар, орталық мемлекеттік органдар, республикалық және облыстық қызметтер мен азаматтық қорғау құралымдары, ҚР ТЖМ аумақтық бөлімшелері тартылады.

Оқу-жаттығу нәтижелері бойынша облыстық азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің қысқы кезеңдегі ықтимал ТЖ салдарын жоюға дайындығы бағаланатын болады.

 

Сурет: РБК

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button