Жаңалықтар

БАРЫМЫЗДЫ БАЗАРЛАЙТЫН БАЙҚАУ

экспо

Орталық коммуникациялар қызметінде Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы жол» – болашаққа бастар жол» Жолдауын ақпараттық-түсіндіру мақсатында брифинг өтті. Онда «Астана ЭКСПО – 2017» ҰК АҚ Басқарушы директоры Салтанат Рахымбекова ЭКСПО халықаралық көрмесін насихаттау мақсатында жарияланған «Энергетика чемпионы» байқауы алдағы уақытта өз жалғасын табатындығын айтты.

«Біз 2017 жылғы ЭКСПО көрмесіне өз отандастарымыздың арасынан шыққан өнертапқыштардың инновациялық жобаларын қосу мақсатында осындай байқау жарияладық. Бірнеше рет ұйымдастырылған кезеңдік іріктеулерде жеңімпаз деп танылған үздік туындылар «Астана ЭКСПО-2017» көрмесінің Халықаралық сарапшылар қауымының назарына ұсынылады. Бұлар сондай-ақ, аталмыш көрме алаңының «Халықаралық практиктер» павильонына қойылатын болады. Ал ел ішінен өнертапқыштарды табу мен олардың төл туындыларының патенттелуіне және жүзеге асырылуына, тіпті, қаржыландырылуына да қолымыздан келгенше көмектесетін боламыз», – деді ол.

Ол сондай-ақ, еліміздің епті кәсіп­кер­лерін ЭКСПО-2017 жобаларына бел­сендірек қатысуға шақырды. «Бизнесті осы халықаралық көрмеге белсенді қатыстыру – Қазақстан Президентінің тапсырмасы. Сондықтан еліміздің бизнесі «ЭКСПО-2017» шараларына құрылыс материалдары мен технологияларды жеткізумен қатар, қызмет көрсету, инфрақұрылымды дамыту бағыттарында да қатыса алады» деді. ЭКСПО-2017 ке­шені құрылысын жалғастыруға бөлінген 25 млрд теңгеге Елбасының тапсырмасы бойынша алдағы жылы қосымша 40 млрд теңге беру жоспарланғанын еске салып өткен ол, бұл қаржы «Бәйтерек» АҚ арқылы жобаларды несиелендіруге бағытталатынын жеткізді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button