Sport
“БАРЫС” ШЫҒЫС ДИВИЗИОНДЫ БАСТАДЫ
КХЛ чемпионатында өнер көрсететін елордалық “Барыс” кеше сырт алаңда “Нефтехимик” командасын 1:0 есебімен ұтты. Осы ойыннан кейін астаналық команда “Шығыс” дивизионы бойынша бірінші орынға шықты. Ал жалпы көрсеткіште СКА және “Динамо” (Мәскеу) командаларынан кейін үшінші орында келеді.
“Барыс” келесі ойынын сенбі, 7 желтоқсанда Уфа қаласында “Салават Юлаев” командасымен өткізеді.