Sport

«БАРЫСТЫҢ» ЖОЛЫ БОЛМАЙ ЖҮР

барыс2

1 наурыз күні Астаналық «Барыс» КХЛ аясында өткен кезекті кездесуінде Санкт-Петербордың «СКА» командасына есе жіберіп қайтты.

Ақ түндер қаласында өткен тартысты доданың бірінші кезеңінде қос команда бір-бірінен айла асыра алмай, 0:0 есебімен тең тарқасқан болатын. Екінші кезеңде «Барыс» хоккейшілері алғашқы болып жергілікті спортшыларды қапы қалдырды. Бірақ, бір минут өтпей жатып-ақ қарсыластар таразы басын теңестірді. Іле-шала астаналықтар тағы да есепті еселеп, суырылып алға шықты. Кейін «СКА» хоккейшілері таблоға 2:2 есебін жазды. Матчтың соңғы кезеңінде айдын иелері бір шайбамен «Барысты» жерге қаратып кетті.

Астаналық команданың келесі ойыны 2 наурыз күні Череповец қаласында «Северсталь» хоккейшілерімен болды. Бірақ онда да жолымыз болмай, 1:2 есебімен ұтылып қалдық.

Бұл – «Барыстың» қатарынан үшінші жеңілісі.

Нұрислам ҚҰСПАНҒАЛИ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button