Мәдениет

Бас басылымда – Алашшыл азамат

«Егемен Қазақстан» республикалық газеті» ЖШС бас директоры қызметіне белгілі ғалым, газетіміздің байыр­ғы, тұрақты авторы, жан­ашыры Дихан ­Қамзабекұлы тағайындалды. Жаңа басшыны ұжымға Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі таныс­тырып, жауапты қызметте сәттілік тіледі.

Дихан Қамзабекұлы 1966 жылы 19 маусымда Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданында дүниеге келген. Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогика институтын қазіргі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогика университетін тәмамдаған.

Филология ғылымдарының докторы, профессор, «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының, Қазақстан Республикасы Журналистер одағының Сұлтанбек Қожанұлы атындағы сыйлығының, Қазақстан Республикасы Президенті стипендиясының иегері, ҚР ҰҒА академигі.

Қаламгер ғалым 2005 жылдан бастап Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры, университет жанындағы «Алаш» мәдениет және рухани даму институтының директоры болып қызмет еткен.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button