Ел тынысы

Бас маман үздік бестіктен көрінді

Астаналық жас маман ғылыми жұмысын үздік қорғап шықты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі мен АҚШ-тың Орталық Азиядағы ауруларды бақылау және алдын алу орталықтарының ұйымдастыруымен Қолданбалы эпидемиология бағдарламасы бойынша оқыту семинары өтті.
2023 жылғы желтоқсан мен 2024 жылғы сәуір айлар аралығында өткен оқу курсына Астана қаласының СЭБД инфекциялық және паразиттік ауруларды эпидемиологиялық бақылау бөлімінің бас маманы Камила Маликова қатысты.
Семинар барысында Камила Маликова “Аудит качества данных дозорного эпидемиологического надзора за ГПЗ/ТОРИ в г. Астана” тақырыбында ғылыми жұмысын сәтті қорғап шықты.
Аталмыш жиынның қорытынды күні Камила Мәлікова Қолданбалы эпидемиология бағдарламасы аясында эпидемиологиялық қадағалау деректерінің сапасына аудит жүргізудегі ерекше жетістіктері мен 150 академиялық сағаттан тұратын оқыту семинарын үздік аяқтағаны үшін сертификатпен марапатталды. Оқыту нәтижесінде СЭБД бас маманы Камила Мәлікова 19 қатысушысының ішінде үздік бестікке енді.
Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button