Басты ақпаратЖаңалықтар

БАС ҚАЛА КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАЙДЫ

DSC_6054

Астана әкімдігі мен аймақтық Кәсіпкерлер палатасы арасында әріптестік туралы меморандумға қол қойылды.

Кеше Астана қаласы әкімдігінде кәсіпкерлікке қатысты келелі мәселелерді бірігіп қарастырып шешу, сондай-ақ, отандық бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі жүйелі шараларды жүргізу мақсатында билік пен бизнес арасында келісімдер жүргізуге бағытталған қала әкімдігі мен аймақтық Кәсіпкерлер палатасы арасында консультативті-кеңесші органдардың қызметі жөніндегі әріптестік туралы меморандум жасалды. Қала әкімдігі атынан Иманғали Тасмағамбетов, Кәсіпкерлер палатасы атынан Мейірбек Мажитов осы құжатқа қол қойды.

«Ұлттық кәсіпкерлер палатасы құрылған сәттен бастап біздің байланысымыз жақсы жолға қойылған. Мемлекет бизнеске қаржы жағынан да, басқа жағынан да үлкен қолдау көрсетіп келеді. Өте көп іс-шаралар өткізілді. Жуырда ғана 1200 кәсіпкер қатысқан стартап форумы осының бір айғағы болса, онда үш мыңға жуық екі жақты кездесу, он екі  бизнес-тренинг өткізіліп, әр түрлі семинарлар мен көрмелер ұйымдастырылды. Бұл кәсіпкерліктің дамуы үшін үлкен мүмкіндік береді» деді Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов.

СҮБЕЛІ СӨЗ

Иманғали ТАСМАҒАМБЕТОВ, Астана қаласының әкімі:

– Еңбекке қабілетті тұрғындардың 40%-ы шағын және орта бизнес саласында жұмыспен қамтылған. Бізде елу мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектісі бар. Бұл ретте мемлекет тарапынан ШОБ дамуы үшін айтарлықтай қолдау көрсетіліп келе жатыр. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында осы шара қолға алынғалы 67 миллиардтан астам теңгенің 349 жобасы мақұлданса, бағдарламаны жүзеге асыру басталғалы сегіз мыңнан астам жұмыс орны сақталып, төрт мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды. Бұл –  өте жақсы көрсеткіш. Алдағы уақытта бизнес-ортаның жайлылығын қамтамасыз ету үшін біртұтас міндеттер кешені қабылданады.

«Еңбекке қабілетті тұрғындардың 40%-ы шағын және орта бизнес саласында жұмыспен қамтылған. Бізде елу мыңнан астам шағын және орта бизнес (ШОБ) субъектісі бар. Бұл ретте мемлекет тарапынан ШОБ дамуы үшін айтарлықтай қолдау көрсетіліп келе жатыр. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында осы шара қолға алынғалы 67 миллиардтан астам теңгенің 349 жобасы мақұлданса, бағдарламаны жүзеге асыру басталғалы сегіз мыңнан астам жұмыс орны сақталып, төрт мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды. Бұл –  өте жақсы көрсеткіш. Алдағы уақытта бизнес-ортаның жайлылығын қамтамасыз ету үшін біртұтас міндеттер кешені қабылданады» деді әкім.

 Сағи ОРАЛ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button