Мәдениет

Бас қалада – Балет жұлдыздары

«Қазақстан» орталық концерт залында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен The Gala халықаралық мәдени шарасы өтті. Оған Вена ұлттық операсының, Монте Карло операсының, ағылшын ұлттық балетінің, Үлкен театрдың және «Астана Опера» театрының жұлдыздары қатысты.

[smartslider3 slider=2847]

Шақырылған әртістердің қатарында Netflix сериясының жұлдызы, сол сияқты ағылшын ұлттық балетінің премьері ­Исаак ­Эрнандес, ағылшын ұлттық балетінің прима-балеринасы Сиори Касе, Вена ұлттық операсының премьері Денис ­Черевичко, ­Монте-Карло операсының ­этуалиі Симоне Трибуна және ­Виктория Ананян, Үлкен театрдың ­премьер және жетекші солисі Игорь ­Цвирко және Кристина Кретова, «Астана Опера» театрының солисі Шұғыла Әдепхан бар.

Жобаны ұйымдастырушылардың қатарындағы «Астана Инвест» басқарма төрағасының орынбасары Молжігіт Жалғас­тың айтуынша, The Gala – бұл қазақстандық Luxury House сауда үйі жүзеге асырған бірегей жеке жоба. Ол елорданың туристік имиджін жақсартып, қала тұрғындарының мәдени деңгейін және өмір сүру сапасын арттырады, мемлекеттік органдардан түсетін жүктемені алып тастайды.

Қазақстанда алғаш рет The Gala аясында бірқатар танымал хореографиялық қойылымдар қойылды. Атап айтқанда, премьер және прима балерина Исаак Эрнандес пен Сиори Касе «Blake Works» балетінен адажионы ұсынды.

Қазақстандық көрермен ­қауымға арналған жаңа туындылардың бірі – «La Belle». Бұл – заманауи хореограф Жан-Кристоф Майоның жоба үшін жасаған жеке таңдауы. Жан-Кристоф Майо Чарльз Перроның «Ұйқыдағы ару» ертегісін ұсынды. Ал Үлкен театрдың әртістері қазақстандық сахнада «Танго» нөмірінің әлемдік премьерасын өткізді.

Баян Асылбекова

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button