ӘлеуметЖаңалықтар

Астанада батыр ана көп

Елордамыз батыр аналар қаласына айналып келеді. Аудандық әкімдіктерде ел демографиясын дамытуға қосқан үлестері үшін жиырма әйел марапатталып, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» құрмет белгілеріне ие болды.

03

Құрметті төсбелгіге ие болған аналардың 13-і Алматы ауданында тұрады. Соның ішінде 11-і – күміс, 2-еуі алтын алқа алып отыр. «Батыр аналарымызды мақтан етеміз, олар құрметке лайық, өйткені алты және одан артық баланы тәрбиелеп, өсіру – үлкен жауапкершілік және ауыр міндет» дейді Алматы ауданы әкімі аппаратының басшысы Ғалымжан Сәметов наградаларды табыстау сәтінде.

Сарыарқа ауданында да 7 батыр ана марапатталды. Біреуі алтын алқа алса, алтауы күміс алқа тақты. Алдағы уақытта сол жағалауда тұратын 5 көпбалалы ана да марапатталатын болады.

Бүгінге дейін тағы 77 әйел көпбалалы ана ретінде «Алтын алқа» және «Күміс алқа» құрмет белгілеріне ие болған болатын. Бұл батыр аналардың 42-сі – Алматы ауданының тұрғындары. Олардың 14-і «Алтын алқа» иелері болса, 30-ы «Күміс алқа» алған. Есіл ауданында да 4 алтын, 5 күміс алқа иегері тұрады.

Сондай-ақ, Сарыарқа ауданында тұратын батыр аналарымыздың саны да 26-ға жетіп отыр. Аталмыш аудандағы «Алтын алқа» алғандардың саны алтау болса, қалған жиырмасы – «Күміс алқалы». Осылайша Астана қаласында жыл басынан бері 100-ге жуық әйел батыр ана атанды.

Астанада еліміздің демографиясына елеулі үлес қосқан аналарға ерекше құрмет көрсетіледі. Әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру аясында көпбалалы аналар мен олардың отбасылары ұдайы жан-жақты мемлекеттік қолдауға ие болып келеді.

Бүркіт НҰРАСЫЛ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button