Басты ақпаратДенсаулық

Бас қалада дәрігерлер неге тапшы?

Бүгінгі таңда елорданың денсаулық сақтау саласында жүзден астам қызметкер жетіспейді. Бұл туралы Астана қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында өткен отырыста талқыланды. 

Мамандардың айтуынша, бүгінде елордада 1,7 мыңнан астам дәрігер және 2,6 мыңнан астам орта медицина қызметкері бар. Дегенмен қаланың денсаулық сақтау саласындағы проблемалардың бірі – кадр тапшылығы. Қазір Астанада 140 дәрігер жетіспейді. Ведомствоның мәліметінше, медицина қызметкерлері үшін жағдай жасалған. Атап айтқанда, 2020 жылдан бастап дәрігерлердің орташа жалақысы 60%-ға өсті, яғни дәрігерлер жалақысы 210 мың теңгеден 300 мың теңгеге дейін көтерілді. Ал орта медициналық персоналдың жалақысы 50%-ға, яғни 130 мың теңгеден 180 мың теңгеге дейін артты. 2023 жылы дәрігерлердің жалақысын тағы 35%, ал орта медициналық персоналдың жалақысын 10%-ға арттыру жоспарланып отыр. 2020 жылы елорданың жергілікті бюджетінен 21 мамандық (283 грант) бойынша медицина мамандарын даярлау үшін 550 млн теңгеден астам қаражат бөлінді. Бүгінгі таңда 243 студент білім алып жатыр. Кадр тапшылығы мәселесін шешу мақсатында 2022-2023 оқу жылында 245 грантқа қаржы бөлінді. Соңғы үш жылда орта медициналық персоналды даярлауға 750 грант бөлінді (жыл сайын 250 гранттан).

Елордада 1,7 мыңнан астам дәрігер және 2,6 мыңнан астам орта медицина қызметкері бар. Дегенмен қаланың денсаулық сақтау саласындағы проблемалардың бірі – кадр тапшылығы. Қазір Астанада 140 дәрігер жетіспейді

Бүгінгі таңда елорданың денсаулық сақтау саласында 314 медициналық ұйым болса, соның 31-і қала әкімдігіне қарайды. Одан бөлек 1 жедел жәрдем стансасы мен өзге де ұйымдар, атап айтқанда, Жоғары медицина колледжі, арнайы медициналық жабдықтау базасы, мамандандырылған балалар үйі, Патологоанатомиялық бюро мен АИТВ-мен күрес және профилактикасы бойынша орталық бар. ҚР стратегиялық жоспарлау және реформалау бойынша Агенттіктің Ұлттық статистика бюросы департаментінің деректеріне сүйенсек, елордада қазіргі таңда 1 340 782 адам тұрады. Өткен 10 айдың ішінде қаланың Жедел жәрдем қызметі  550 мың шақырту бойынша қызмет еткен, қала стационарларында шамамен 120 мың адам емделіп шыққан. 50 мыңнан астам ота жасалып, БМСК ұйымдарына қаралғандар саны 5 млн адамнан асқан. Оның 2 млн-нан астамы салалық дәрігерлерге қаралған.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button