Қала тіршілігі

Бас қаладағы байырғы орталық

Елордамыздағы «Жастар» сарайы – байырғы мәдениет және спорт кешені. Мұнда астаналықтар мен қала қонақтары үшін түрлі шығармашылық үйірмелер тұрақты жұмыс жүргізеді.

Алдағы жексенбі, 9 қыркү­йек күні айтулы өнер ордасының жаңа маусымы ашылады. Салтанатты шара аясында сарайдың жазғы сахнасында шығармашылық ұжымдардың қатысуымен концерт өтеді. Көрермендер түрлі шы­ғармашылық ұжымдардың өнерін тамашалай алады.
Сонымен қатар, осы күні жаңа маусымның бағдарламасына қарай шығармашы­лық ұжымдарға балаларды қабылдау жүргізіледі. Ата-ана­лар балаларын қалаулары бойынша осы сарайда жұмыс істейтін студияларға бере алады. Кешеннің спорт залында спорт түрлерімен айналысуға, бассейнде жүзу спортына, сондай-ақ денсау­лық топтарына жазылуға болады.
«Жастар» сарайының шығармашылық үйірмелеріне қаты­сушылар қалалық, республикалық және халықаралық мә­дени-спорттық шараларға қа­­тысуға мүмкіндік алады. Мұнда балалар мен жастарды өнер мен спортқа үйрететін кәсіби
мамандар мен жаттықтырушылар ұжымы қалыптасқан.
Аталмыш сарайдың тағы бір ерекшелігі – мұнда жап-жақсы концерт залы бар. Онда үнемі отандық және шетелдік әртіс­тер мен өнер ұжымдарының концерттері өтіп тұрады. Сондай-ақ сарай алаңында ұлттық және мемлекеттік мерекелерге арналған бұқаралық шаралар да жиі өтеді.
Түптеп айтқанда, «Жастар» сарайы – елордамыздағы көп­шілік жиналатын өнер ордасының бірі.
«Жастар» сарайының жаңа маусымының ашылуына арналған Ашық есік күні жазғы сахнада сағат 13.00-15.00 аралығында өтеді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button