Әлеумет

Бас қаланың батыр аналары

Биыл жыл басынан бері елордамызда 77 әйел көпбалалы ана ретінде  «Алтын алқа» және «Күміс алқа» құрмет белгілеріне ие болған. 

Бұл батыр аналардың 42-сі Алматы ауданында тұрады. Олардың 14-і – «Алтын алқа» иелері болса, 30-ы «Күміс алқа» алған. Есіл ауданында да 4 алтын, 5 күміс алқа ие­гері тұрады. Сондай-ақ, Сары­арқа ауданында тұратын батыр анала­рымыздың саны да 26-ға жетіп отыр. Аталмыш аудандағы «Алтын алқа» алғандардың саны алтау болса қалған жиырмасы «Күміс алқалы» құрметін иеленіп отыр.
Астанада еліміздің демографиясына елеулі үлес қосқан аналарға ерекше құрмет көрсетіледі. Әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру аясында көпбалалы аналар мен олардың отбасыларына ұдайы түрде жан-жақты мемлекеттік қолдау көрсетіліп келеді.

Бүркіт НҰРАСЫЛ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button