Елорда тынысы

Бас қаланың құрамасы жасақталды

Елордада жекпе-жек ұлттық спорт түрінен ерлер мен әйел­дер арасындағы Астана қаласының ашық чемпионаты өтті. Оған өзге өңір мен қала клубтарынан 160-қа жуық спортшы мен 12 құрама команда бақ сынады.

Тартысты өткен жекпе-жектерде астаналық спортшылар үстем екенін танытты. Жарыс қорытындысы бойынша ерлер арасында 80 келіде Руслан Калиев, 70 келіде Мағжан Қанай қарсыластарынан дараланып, бірінші орын алды. 90 келіде сынға түскен Талғат Бақтыбаев, 53 келіде өнер көрсеткен Ерболат Бекболат екінші орынды қанағат тұтты. 80 келіде Бекзат Басекбеков үшінші орыннан көрінді.

Жастар арасындағы жарыс тіпті тартысты өтті. Жақсылық Қайролла, Қуаныш Кенжетай, Бекарыс Сапар, Мадияр Бемадияр, Асылжан Даулекулов, Ерсұлтан Тұрарбек өз салмағы бойынша қарсыласының осал тұсын тауып, алтын медаль алды. Ал Жанат Мансұр пен Аукен Мадиярға күміс медаль, Тұрар Алиханға қола медаль бұйырды.

Қыздар арасында 57 келі салмақта Жанель Какемова бірінші орыннан, 62 келіде Жібек Тұрабаева екінші орыннан көрінді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button