Жаңалықтар

Бас қаланың шекарасы белгіленді

Қазақстан Республика­­­­с­ы­­ның Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Астананың шекараларын белгілеу туралы қаулыға қол қойды.

Қаулыға сәйкес жаңа Байқоңыр ауданының көлемі 18129 гектарды құрайтын болды. Оның аумағына Астана – Қостанай бағытындағы теміржолдан қаланың қолданыстағы шекарасымен солтүстікке қарай Ақбұлақ өзеніне дейін, Ақбұлақ өзені бойымен Р.Қошқарбаев даңғылына дейін, Р.Қошқарбаев даңғылының жұп сандар жағымен Сауда көшесіне дейін, Сауда көшесі бойымен А184 (жобалық атауы) көшесіне дейін, одан әрі Ақбұлақ өзені бойымен Есіл және Ақбұлақ өзендерінің түйіскен жеріне дейін, Есіл өзені бойы­мен Қараөткел көпіріне дейін, А.Бараев көшесі бойымен Республика даңғылына дейін, Республика даңғылының жұп сандар жағымен Бөгенбай батыр даңғылына дейін, Бөгенбай батыр даңғылы және Алаш тас жолы бойымен теміржолға дейін, теміржол бойымен қаланың батыс шекарасына дейінгі, сондай-ақ, аудан шекарасына 460 гектар жерді алып жатқан қалалық зират аумағы кіреді.
Ал елорданың Алматы ауданының аумағы 15471 гектарды, Есіл ауданының аумағы 39358 гектарды, Сарыарқа ауданының аумағы 6775 гектар жерді алып жатыр.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button