Елорда тынысы

Бас жоспар бұқараға қолайлы болады

«Астана Бас жоспары» мекемесінде қала әкімі Жеңіс Қасымбектің басшылығымен «Menin Elim Dala» бастамашыл топтарының қатысуымен нақты құрылыс мәселесі бойынша кеңес өтті. Жиында әлеуметтік нысандардың пайдасына орай ТК құрылысын жою, үйлердің қабатын азайту, Талдыкөл бойынша және т. б. мәселелер көтерілді.

Қалада нақты құрылыстың 18 негізгі проблемалы объектісі бар. 13 нысан бойынша мәселелер тұрғындардың тілегі мен өтінішінің пайдасына шешіледі, яғни тұрғын үй кешені маңында мектептер, медициналық орталықтар, балабақшалар, қоғамдық кеңістіктер болады. Қалған 5 нысан бойынша сот және келіссөздер процесі жүріп жатыр.

Мысалы, А.Байтұрсынов көшесі, 7 («Хайвил» ТК) мекенжайында, жер учаскесінде бұрын айтылғандай, көппәтерлі тұрғын үй кешенінің орнына мектеп салынады. Сондай-ақ, Р.Қошқарбаев даңғылы мен Ақыртас көшесі маңында, яғни «Хайвил» тұрғын үй кешеніне қарама-қарсы оқушы орындарының тапшылығын азайту мақсатында тағы бір жалпы білім беретін мектеп салынады.

К.Күмісбеков көшесі, 9/2 үйінің жанында 21 қабатты ТК және паркингтің орнына гүлзар салынады.

«Sport Towers» ТК тұрғындарының өтініші бойынша екі мектеп салынады (Alpamys ТК мен Alau ТК арасында және Барыс Арена мұз айдынына оңтүстік бағытта).

Кездесу қорытындысы бойынша бірқатар тапсырма берілді, оның ішінде құжаттарды нормаларға сәйкес келтіру, «Menin Elim Dala» ҚБ жауаптарын ұсыну және т. б.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button