Қала тіршілігі

Бас жоспарда бәрі қамтылады

Елорданың қарқынды дамуына сай барлық жағдайларды ескеріп, жаңа бас жоспар жасалуда. Бұл жайында Нұр-Сұлтан қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы мәлімдеді.

[smartslider3 slider=284]

Бұған дейін 2010 жылы бас жоспарды жасау кезінде елорда халқы 2030 жылға қарай 1 миллион 200 мың адам болады деп есептелген. Алайда жағдай шындығында басқаша болып, қала халқының саны 2020 жылдың өзінде аталған межені оңай еңсерді. Өз кезегінде бұл фактор елордалықтардың сұраныстары мен талап-тілектерін қанағаттандырудың барлық мүмкіндіктері қарастырылған жаңа бас жоспар түзу қажеттілігін туындатты.
Бүгінде қалада «Нұр-Сұлтан» – қолайлы қала» шебер-жоспары іске асырылып жатыр. Бұл жоспар қаланың бас жоспары мен елорданың 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы негізінде жасалған. Сондықтан онда тұрғындарға қолайлы орта қалыптас­тырумен бірге қалалық ресурстарды жоспарлау, электрэнергетикасының шығынын есептеу, тарифін болжау, құрылыс нысандарының тығыздығы сынды негізгі параметрлерді де қамтиды. Бұдан бөлек, шебер-жоспар қолжетімді тұрғын үй құрылысының қарқынын арттырудың да мүмкіндіктерін қарастырады.
 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button