Sport

Бас жүлде – әкім кубогы

Бас қалада Балалар жылына орай 2007-2008 жылғы жасөспірімдер командалары арасындағы футболдан Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің кубогы республикалық турнирі басталды.

[smartslider3 slider=2961]

«Тарлан Арена» спорт кешенінде 12-15 мамыр күндері аралығына жоспарланған турнирге, жергілікті жасөспірім командаларынан бөлек, Көкшетау, Қостанай және Павлодар қаласынан келген 6 команда қатысып, бақ сынасады.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен өтетін респуб­ликалық турнирдің мақсаты – ҚР Президентінің халыққа Жолдауын жүзеге асыру және жасөспірімдер арасында саламатты өмір салтын насихаттау, елордада бұқаралық спортты, соның ішінде футбол ойынын насихаттау және дамыту, жасөспірімдер арасындағы үздік команданы анықтап, алдағы республикалық чемпионатқа мықтыларды іріктеу.

Үш күнге жалғасатын доданың барысында жүлделі жеңімпаздар медальмен, командалық кубокпен және дипломмен марапатталады. Сонымен қатар «Үздік қақпашы», «Үздік шабуылшы», «Үздік ойыншы» және «Үздік қорғаушы» аталымдары бойынша топ жарған ойыншылар анықталады.

Ерлан Мазан

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button