Sport

БӘСЕКЕ ЕНДІ БАСТАЛМАҚ

Футболдан  Қазақстан чемпионатының премьер лигасында бірінші кезең мәреге жетті. Жүлделер  үшін және премьер лигада «жан сақтау» ойындарын енді басталатын екінші кезеңнен көретін боламыз.

Сонымен, бірінші кезеңнің қо­р­ытындысында алғашқы алты орынға табан тіреген команда­лар чемпионаттың алтын, күміс және қола жүлделерін, сонымен қатар, УЕФА-ның Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасына берілетін жолдаманы сарапқа салатын болады. Ал қалған алты команданың негізгі мақсаты – премьер лигада орнын сақтап қалу. Соңғы екі орында қалған командалар келесі жылы бірінші лигада ойнайтын болады. Олардың премьер лигадағы орнын бірінші лигада топ жарған қос команда толтырады.
Өткен демалыс күндері өткен соңғы турдың ойындарында мынандай нәтижелер тіркелді: «Астана» – «Тобыл» 2:1, «Шахтер» – «Ақжайық» 4:0, «Атырау» – «Тараз» 3:1, «Ертіс» – «Ордабасы» 2:0. «Жетісу» – «Қайрат» 0:0, «Ақтөбе» – «Восток» 0:1.

Ғалым ҚОЖАБЕКОВ

Тағыда

Ғалым Қожабеков

«Астана ақшамы» газеті бас редакторының орынбасары

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button