Ел тынысы

Баскетболдан жоғарғы лига: елордалық команда ел чемпионы атанды

Баскетболдан жоғарғы лигада елордалық команда ел чемпионы атанды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Баскетболдан Жоғарғы лиганың ерлер командалары арасындағы ХХХІІ Қазақстан чемпионатының соңғы туры Щучинск қаласында өтті. Аса тартысты өткен ел чемпионатына республикамыздан 8 команда қатысып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.

Қызықты әрі тартысқа толы маусымда соңғы турларға дейін жеңімпаз анықталған жоқ. Себебі «Astana Tigers» пен «Шымкент» командалары үзеңгі қағыстырып финишке қатарласа жетті.

Осылайша чемпиондықты 1 ұпай басымдығы шешіп, Астана қаласының намысын қорғаған «Astana Tigers» командасы 51 ұпаймен маусым үздіктері атанды. «Шымкент» командасы 50 ұпаймен 2-орынды иеленсе, үздік үштікке 48 ұпайы бар «Тұран» командасы кірді.

Ел чемпионатында үздік ойын көрсеткен ойыншыларға да құрмет көрсетілді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button