ДенсаулықЖаңалықтар

Баспана кезегі сақталады

Мүгедек балалардың баспана кезегі кәмелетке толғаннан кейін де сақталады. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау  вице-министрі Ерлан Әукенов мәлімдеді.

[smartslider3 slider=227]

«ҚР кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылданғанға дейін егер бала 18 жасқа толғанша тұрғын үй алмаса, онда ересек мүгедектігі бар адам ретінде кезекке қайта тұруға мәжбүр.
«Мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардың балалары кәмелетке толғаннан кейін де тұрғын үй кезегінде тұру құқығы сақталады. Әлі күнге дейін мүгедек балалары бар отбасылар тұрғын үй кезегінде 10 жылға дейін тұрады. Оның үстіне бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігін алған жағдайда ғана кезекке қайтадан қойылады. Үшінші топтағы мүгедектік берілген кезде олар баспана алу құқығынан айырылады. Ендігі уақытта олар кәмелетке толғаннан кейін де тұрғын үй алу кезегін сақтау құқығына ие болады. Бұл норма 20 мыңнан астам отбасына тұрғын үй кезегін сақтауға мүмкіндік береді деп болжануда» деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукенов.
 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button