ӘлеуметЖаңалықтар

Баспаналы болудың бір амалы

Астанаға ат басын тiреген ағайын алдымен баспананың қамын ойлайды. Басқа-басқа, елордада үйлi-жайлы болудың жолдары жетерлiк. Ипотекалық несиелеу – сол мүмкiндiк-тердiң бiрi болып табылады.
Ипотекалық несие –кепiлдiкке жылжымайтын мүлiк қойып, банктен қаражат алу деген мағынаны бередi. Елiмiздегi екiншi деңгейлi банктердiң барлығы ипотекалық несиелеумен ай­налысады. Себебi, бұл – клиенттер үшiн де, банк үшiн де өте тартымды  қар­жы­лық құралдардың бiрi. Егер, адам­дар осы арқылы баспаналы болып, тұрмыс жағдайын жақсартса, банкке  ұзақ мерзiмдi тұрақты табыстың көзi ретiнде қолайлы. Бұл – қазiргi нарық­тағы тұтынушылар арасында сұра­нысқа ие болып отырған бағыттардың бiрi.   Банк беретiн несиенiң арқасында баспаналы болғысы келген азамат ненi басшылыққа алуы керек? Бұл сауа­лымызға Қазақстан Халық банкi Астана өңiрлiк филиалының директоры Нұр­лыбек Сейдахметов былай деп жауап бердi: «Неден бастау керек? Көршiсiнiң де, танысының да «мына банк мықты!» деген сөзiне бiрден ермей, қаладағы банктердi ерiнбей аралап шығып, олардың ипотекалық несиелеу жүйе­сiмен танысу қажет. Клиент үшiн аса маңызды нәрсе – пайыздық мөлшерi мен сыйақының жылдық  тиiмдi  мөл­шер­лемесiне қарай таңдау жасаған жөн. Егер, бұл екеуi де көңiлге қонса ғана шешiм қабылдаңыз. Мiндеттi  түр­де банк қызметкерлерiнiң  кеңесiне жүгiнiңiз. Өзiңiздiң кiрiс-қаражатыңызға қарай баспана қарастырасыз. Шартты түрде айына 200 мың теңге кiрiсi бар, екi балалы отбасы банктен 60 мың дол­лардай қаражат алуына болады. Егер, клиенттiң алғашқы жарнасын қос­қан­да 95-100 мың долларға жақсы бас­па­на алуға болады. Алғашқы жарна – жылжымайтын мүлiк алуға арналған қарыз алушының жеке қаражаты. Оның көлемiн банк есептеп, бекiтедi. Әдет­те, алатын үйiнiң 20-30%-ын құрай­ды. Егер, оның алғашқы жарнасының көлемi аз болса, онда кепiлдiкке басқа нәрсе ұсынып, бұл мәселенi шешуге болады».
Сонымен, сатып алғалы тұрған үйiңiз қаланың сыртындағы құлағалы тұрған, өте ескi болмаса банктен несие алуға болады. Сол сияқты, жаңадан салынып жатқан үйлерден пәтерге де қол жет­кiзе аласыз. Ол үшiн құны алған ақша­ның сомасын жабатын кепiлдiгiңiз болуы керек. Бұл – уақытша нәрсе, өйткенi, үй пайдалануға берiлiп, тиiстi құжатта­ры­ңызды рәсiмдегеннен кейiн ауыстыруға болады. Құрылысы аяқталған немесе қолданыстағы жылжымайтын мүлiк­тердi сатып алмақ болсаңыз, оны тәуел­сiз бағалаушыларға көрсетiп, бағала­тасыз. Банктiң бағалауынан өткеннен кейiн барып клиентке қанша мөлшерде қаражат алуға болатындығын айта аламыз. Соның көлемiне қарай құжат­тарды рәсiмдеуге кiрiседi. Банктердiң басты шарты – клиенттiң тұрақты табысы болуы керек, несиелiк тарихы жағымды болуы шарт.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button