Ресми бет

Баспаналы болуға мемлекет көмектеседі

Қазіргі таңда еліміздің қай қаласында болмасын тұрғын үй алу мәселесі өзекті болып отыр. Елорда тұрғындары баспаналы болу жолында біршама қиындық пен түсінбеушілікке тап болатын көрінеді. Көкейдегі сұрақтардың көбі: «Мемлекет баспаналы болуға көмектесе ала ма?».

[smartslider3 slider=3419]

 

Осы мәселе төңірегінде 23 маусым күні ҚР Президентінің іс басқармасы медициналық орталығының қызметкерлерімен тұрғын үй мәселесі бойынша отырыс өтті. Жиынға AMANAT партиясы бастауыш партия ұйымының қызметкерлері қатысып, баспаналы болудың жолдарымен танысты.

AMANAT партиясы Нұр-Сұлтан қалалық «Бірлік» филиалының «Денсаулық» БПҰ-ның төрайымы Гүлжан Искакова арнайы ұйым өкілдерінің басын қосты. Отырыста Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі тұрғын үй қоры халықпен байланыс бөлімінің басшысы Арманай Оңғарбаева және «Отбасы банкі» АҚ-тың көшбасшы-консультанты Жадыра Қасымова ақпарат берді.

Жиында ұжым қызметкерлерін толғандырған бірнеше мәселе қаралды. Олар: мемлекеттік бағдарлама бойынша тұрғын үй алу жолдары, кезекте тұрғандарға арналған тұрғын үй, жастарға арналған жалға берілетін баспана, көпбалалы, толық емес және ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға үй алуға көмек көрсету мәселелері.

Кездесу барысында спикерлер қаламызда тұрғын үй алуға арналған бағдарламалар жайында мәлімет беріп өтті. Айтылған бағдарламалардың біреуін мысалға келтірер болсақ, «Елорда жастары» бағдарламасының бастапқы жарнасы 10%, пайыздық мөлшерлемесі 5%, несиенің ең ұзақ мерзімі 25 жылға дейін және қарыздың ең жоғары сомасы 18000000-ға дейін.

Сондай-ақ кездесуде медицина мамандарына арналған бағдарламалар жайында айтылды. Спикерлер ұжымның қосымша қойылған сұрақтарына жеке тоқталып, әр қызметкерді жеке консультациядан өтуге кеңес беріп, кеңсеге шақырды.

 

AMANAT партиясы Нұр-Сұлтан қалалық

филиалының

баспасөз қызметі

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button