Sport

Бассейндегі бәсеке

Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасы мен қалалық Ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен елордамыздағы «Динамо» спорт кешенінде 60 жастан асқан ардагер-зейнеткерлер арасында жүзуден жарыс өтті.

«Бұл іс-шара салауатты өмір салтын қалыптастыру және аға буын өкілдерін спортпен белсенді айналысуға тарту мақсатында ұйым­­дас­ты­рылып отыр. Біз бұ­дан бөлек, елордада ардагер­лер үйін ашу мә­се­лесін қала әкімі­нің қарауы­на ұсын­дық. Егер ұсыны­сымыз әкімдік тара­пынан қолдау тауып жатса, арда­гер­лердің бір ортада бас қосып, әңгіме-дүкен құруы­на мүмкіндік туар еді», – дейді қала­лық Ардагерлер кеңе­сінің төрағасы Бекен Әлімжанов.

Жарысқа Алматы, Сарыарқа және Есіл аудандарынан барлығы 54 ардагер қатысты. 60-65 және 65-70 жас аралығындағы ерлер, 58-60 және 60-63 жасқа дейінгі әйелдер екі топқа бөлініп, жарысқа түсті.

Сайысқа «Динамо» спорт кешені демеушілік жасап, төре­шілер мен медицина қызмет­кер­ле­рінің қызметін ұйымдас­тырды.

Жарыс қорытындысында 60-65 жас аралығындағы ерлер сайысында 1-ші орынды А.Күдебаев, 65-70 жас аралығында Ш.Баякешов жеңіп алды. Әйелдер сайысында бас жүлде 58-60 жас аралығында М.Қасымоваға және 60-63 жас аралығында Б.Құсайыноваға бұйырды.

Ал, жалпы командалық есепте 9 жүлделі орынды иеленген Есіл ауданының ардагерлері бірінші орынға шықты.

Ербол ЖАНАТ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button