Қала тіршілігі

Бастады да, тастады…

Елордада қалдықты қайта өңдеп, оны пайдаға жарату ісі ілгері басып келеді. Ол үшін тұрмыстық қалдықтарды сұрыптап тастауға арналған сары контейнерлер орнатылып, полиэтилен, пластик сияқты құрғақ қалдықтарды ақшаға қабылдайтын пункттер де ашылуда.

Бұл тұрғыда осы істің басы-қасында жүрген компаниялар саны да аз емес. Бірақ солардың кейбірінің істі бастағанынан аяқтағаны жылдам ба дерсің. Мысалы, осыдан 6-7 ай бұрын «Taza Zhol 01» ЖШС мұрағаттарды жою және макулатураны шығару мақсатында кеңселерге өз қызметін ұсынып, олармен келісімге келген мекемеге қағаз жәшігін әкеліп беріп, толған кезде алып кетуді дәстүрге айналдыруға уағдаласқан болатын. Сол кезде «қаншама қағаз далаға кетпейтін болды» деп, бұл бастамаға тайлы-тұяғымызбен қуанған едік. Оқырманнан сүйінші сұрағандай бұл ақпаратты газет бетіне де бөлістік. Бірақ өкінішке қарай, қуанышымыз ұзаққа созылмады. Әлгі қоқыс жәшігі 1-2 айдың ішінде қағазға лық толды. Алайда қызмет көрсетушілер сұрыпталып тұрған заттарын алып кетуге әлі де асығар емес. Жәшік сыртындағы телефон нөміріне бір емес, бірнеше рет хабарластық. Бірер ай бұрын «әне, міне» деп жауап қайырып жүрген компания өкілі соңғы рет қоңырау соққанда: «Қоқысты тастай салыңыздар. Біздің бұл жобамыз әзірге тоқтап қалды. Қа­зір басқа іспен айналысып жатырмыз. Жаңа жылдан кейін қағаз өндірісін қайтадан қолға алуымыз мүмкін. Сол кезде сіздерге өзіміз хабарласамыз» деді тұтқаның ар жағы­нан. Қазақ «жеті рет өлшеп, бір рет кес» деп бе­кер айтпаса керек. Осындай бүгін бар, ер­тең жоқ болатын жобалардың керегі қанша?..

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button