Сайлау - 2021

Бастаған істі соңына дейін жеткізу – мақсатым

Сайлау алдындағы үгіт-насихат шаралары жөнінде «Алкон +» ЖШС директоры Аман АЮПОВПЕН әңгімелестік.

– Мәслихат депутаты болудағы мақсатыңыз қандай?

– Мен қарапайым отбасыдан шыққан ауыл баласымын. Отбасында үлгі тұтар үлкендеріміз жастайымнан батылдыққа, шыдамдылық пен мақсатқа жету жолында табанды болуға үйретіп, бойыма асыл қасиеттерді сіңірді. Елордада 22 жыл бұрын іскер жігіттердің басын құрап, шағын компания аштық. Жаңа кәсіппен айналысуға белді бекем буып, іске кірісіп кеттік. Бүгінде шағын кәсіпорын өз ісін дәлелдеді. Біздің компания алюминий және металл-плас­тик конструкцияларының еліміздегі ең ірі өндірушісіне айналды. Елордамыздың сәулетін келістіріп, әсем шаһарға айналдыруда үлкен үлес қосудамыз.
– Сайлауда Nur Otan партия­сы жеңіске жетсе, халықтың жағдайы қаншалықты оңалады? Үміткерлер ел сенімін ақтай ма?
– Бірер жыл бұрын қала тұрғындары мен «Нұр Отан» партиясының сеніміне ие болып, елорда мәслихатының депутаты болып сайландым. Депутаттық жұмысымның жемісті нәтижелері және халықтың қолдауы маған күш беріп, биыл қайта сайлауға түсуге, праймеризге қатысуыма негіз болды. Жалпы, бастаған істі соңына дейін жеткізу – менің басты мақсатым. Сондықтан да алдағы жылға жоспарлар көп. Тұрғындардың өмір сапасын арттырып, қаламызды жанға жайлы етуде аянбай еңбек етеміз. Партияның бағдарламасында келелі істер қамтылған. Жоспар жүйелі түрде орындалса, әрине үміт ақталады, елдің тұрмыс сапасын арттыруға ықпал етеді.
– Өзіңізді қандай мәселелер толғандырады? Бүгінгі ерекше назар аударар тұсымыз қайсы?
– Баспана мәселесі – бірінші орында. Тұрмысы төмен отбасылар мен көпбалалалы аналар жағдайы, білім сапасын арттыру, медицина саласы мен жұмыссыз жастар жайы ойландырады. Әр маман өз саласында аянбай адал еңбек етсе, бұл мәселелер оң шешімін табады.

Нұр-Сұлтан қаласындағы Nur Otan партиясы сайлау қорының қаражатынан төленді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button