Жаңалықтар

Бастауышпен қоштасты

Ғали Орманов атындағы №7 мектеп-гимназияда бастауыш сынып түлек­терінің «Қош бол, бастауыш!» атты салтанатты ке­ші өтті. Білімнің бұлағынан сусындаған 30-ға жуық бастауыш сы­ныпты бітірушінің 7-еуі үздік көрсеткішпен оқуын тәмамдап, ұс­­таздарымен қоса ата-аналарын зор қуанышқа кенелтті.

Білімді ұрпақ тәрбиелеу мақ­са­­тында республиканың білім ор­­даларында жүзеге асырылып жат­­қан шаруалар қыруар. Осындай бі­­лім ошақтарының қатарында қа­­ламыздағы Ғ. Орманов атындағы мек­­теп-гимназияны ерекше атаған жөн.

Осынау мектепте 2000 жылдан­ бе­рі қажырлы еңбек етіп, та­­­­лант­­ты да талапты оқушылар тәр­­бие­­леп отырған Қарлығаш Да­­нияр­­­­бек­­қы­­зы: «Біздің бүгініміз де, ертеңіміз де – білімді ұрпақ қолында. Білімсіз ұлт – тұл» деп санайды.

Ұрпақ тәрбиесіне зор үлес қосып жүрген ұлағатты ұстаз 27 жылдық еңбек өтілімен талай шәкіртке қанатын қақтырған. Осы уақыт аралығында 4 рет қатарынан тү­­лек­­тер­­дің қамқоршысы болған ұстаз ең­­бегі биыл да ақталып отыр.

Білім көрсеткіші бойынша қа­­ла­­мыз­­дағы 30-ға жуық мектеп арасында Қарлығаш Да­нияр­­бек­­қы­­зының өрендері биіктен көріне біл­­ді.

Аталмыш гимназия директоры Жанат Айтованың сөзіне құлақ ассақ, «бүгінгі қанат қағып отырған түлектер – қазақтың көгіндегі болашақ қырандары. Бастауышта қандай озат болса, жоғары сыныптарда да ұландарымыз үміттерімізді ақтайды» деген сенімде.

Білімді де білікті ұрпақ – халықтың берік іргетасы іспетті.

Аталған мектептің өрендері – осы сенімді ақтайтын сөзіміздің нақ куәсі.

Саян ЕСЖАН

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button