Басты ақпарат

Басты мақсат – бағаларды тұрақтандыру

Алдағы уақытта елордада азық-түлік бағаларын тұрақтандыру мақсатында меморандумдарға қол қойылады. Бүгінге дейін бас қаланың дүкендері мен базарларында сатылып жатқан 40 тоннадан астам өнімдерге 24 келісімшарт жасалған. Бұл тауарлар қаладағы 110 сауда нысанында сатылымға шығарылды.

[smartslider3 slider=3604]

Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының хатшысы Ерлан Каналимов бірінші сұрыпты ұннан жасалған нан бағасын тұрақтандыру мақсатында жасалған меморандум аясында астық елорданың өңдеу кәсіпорындарына жөнелтіліп жатқанын мәлім етті. Бағдарламаның операторы – «Табыс 2009» ЖШС және «ГЭС Төңкеріс» ЖШС. Құзырлы орган басшысы «Amanat» партиясының елордалық филиалы партиялық бақылау комиссия­сының мүшелері, кәсіпкерлік құрылымдар, БПҰ төрағалары мен қоғам өкілдері арасынан партиялық бақылау тобын құрғанын хабарлады. Ол сондай-ақ сауда орындарына жүргізілген көптеген тексерулер барысында көптеген заң бұзушылықтар анықталып, көп жағдайда кемшіліктер сол жерде жойылғанын жеткізді.

Сондай-ақ бағаларды тұрақтандыру мақсатында апта сайын облыстардың қатысуымен қалалық жәрмеңкелер өткізіліп келеді. Көкөніс бағасын тұрақтандыру үшін Түркістан облысынан жеткілікті көлемде көкөніс сатып алу жоспарлануда.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button