Басты ақпаратДенсаулық

Басты назарда – пациент

Астанада Дүниежүзілік пациент қауіпсіздігі күніне орай «Пациент – басты назарда» атты халықаралық конференция өтті. Іс-шара медициналық қызметтердің сапасы мен аккредиттеу мәселелеріне бағытталған. Елімізде бұл саланың халықаралық стандарттарға қаншалықты сәйкес келетіні және пациенттердің қандай құқығы мен міндеті бар екені туралы ACQH басқарма төрағасы Ботагөз Қауыпбаевамен сөйлескен едік.

– Медициналық қызмет көрсетудің сапасы мен уақытына қатысты алуан пікір көп. Енді біреулер жүйені түбегейлі өзгерту керек дейді. Сіз қалай ойлайсыз?

– Біз енгізген стандарттарда пациенттер үшін қолжетімді орта кіреберістен бастап медициналық мекеменің қабырғасында болуы керек. Пандустар мен жеделсатының болуы, ескерту және ақпарат тақтайшалары – бұл пациент үшін қауіпсіз аумақтың бастамасы. Мұның бәрі жүйеде болуы керек. Шынында, егер пациент емханаға құлап, сүрініп жетсе, одан әрі көңілсіз отырған дәрігерге жолықса – бұл жерде дәрігер ғана кінәлі емес, түгел жүйе кінәлі.

Медициналық ұйымның қызметін бағалау құралдарының бірі – аккредиттеу. Біз кіреберістен бастап қарапа­йым, бірақ қажетті нәрселерді қарастырамыз, яғни сыртқы кешенді бағалау жүргізіледі. Егер шағымдардың саны артып келеді десек, бұл аурухана басшылығының нашар жұмысының көрсеткіші емес, стейкхолдерлердің клиникада болу жағдайларын жақсарту туралы ойлануына себеп болатынына сенімдімін. Егер жүйе жұмыс істемесе, онда ол басшының немесе менеджердің кінәсінен жұмыс істемеді. Біз пациенттің бізбен, тәуелсіз аккредиттеуші ұйымдармен бірге жүйені құруға көмектесуін қамтамасыз етуді мақсат етеміз. Бізде барлық медициналық ұйымда болуы керек пациенттерді ақпараттандыру және оқыту бойынша көптеген стандарт бар және пациенттің осы қажетті әрі маңызды іске қосқан үлесін күтеміз.

– Науқастың медициналық қызмет сапасын жақсартуға және соның салдарынан шағымдардың санын азайтуға жауапкершілігі қандай?

– Науқас белгілі бір стандарттарды сақтауы керек. Мысалы, скрининг – бұл бәрі білуі керек керемет бағдарлама. Бірақ науқас не істейді? Ол дәрігерлер мен медбикелерден аулақ жүреді. Яғни денсаулығының жай-күйін тегін тексерткісі келмейді. Медбикелер одан скринингтен өтуін жалынады. Ал күрделі мәселе туындаған кезде «кім кінәлі?» деген сұрақ туындайды. Бұл пациенттің және жалпы қоғамның мәдениеті туралы. Тек күш-жігерді біріктіре отырып, көрсетілетін қызметтердің сапасы туралы айтуға болады. Дәрігерге жау ретінде қарау – бұл дұрыс емес тәсіл.

– Қазақстандық аккредиттеу әлемдік стандарттарға қаншалықты сәйкес келеді?

– Біз 15 жыл бойы пациент­терге де, медициналық қыз­меткерлерге де ыңғайлы болатын стандарттарды жасау үшін жұмыс істедік. Бүгінгі таңда ACQH стандарттарымыз, оқу бағдарламамыз және процес­теріміз халықаралық беделге ие әлемнің үздік 40 аккредиттеуші ұйымдарының қатарына кіретінін мақтанышпен атап өтемін. Көршілеріміз мұндай нәтижелермен мақтана алмайды. Қазақстан қазір Ресей мен Өзбекстан клиникаларын аккредиттейді. Біздің әріптес­теріміз процестерді стандарттау қауіпсіздік пен тәуекелдерді азайтудың кілті екенін түсінеді.

– Стандарттарды құруға тек дәрігерлер мен денсаулық сақтау менеджерлері қатыса ма? Науқастар ұсыныс бере ала ма?

– Әрине. Жаңа стандарт­тарды қоғам талқылайды, олармен аккредиттеу ұйымдары па­циенттермен, ұйымдармен және бейінді мамандармен бірлесіп айналысады. Біз халықаралық тәжірибеде жұмыс істейміз, яғни стандарт бағалануы үшін оны бірнеше кезеңнен өткізу керек.

– Барлық қазақстандық клиника аккредиттеуден өте ме?

– Жоқ, аккредитация алу – бұл ерікті процесс, бұл жазалау жүйесі емес, бірақ біз оны біртіндеп жүзеге асыру керек екенін түсінеміз. Мен оны алу үшін клиника басшысының бір тілегі жеткіліксіз екенін атап өтемін. Өйткені стандарттар аурухананың барлық аспектісін ескереді – сумен жабдықтау, инфрақұрылым және басқа да мәселелер. Біздің клиникаларымыздың ғимараттары әрқашан стандартқа сәйкес келе бермейді.

– Енгізіліп жатқан жаңалықтарға қарамастан, қазақ­стандықтар басқа елдерде емделгісі келетіні жасырын емес…

– Бұл – адамның табиғаты. Алайда Қазақстан бүгін үлкен серпіліс жасады. Дәрігерлеріміз сапалы білім ала бастады және адамдар елде сапалы әрі қауіпсіз емделуге болатынын ұқты. Бұл біздің халықаралық қауіпсіздік стандарттарына жақындағанымызды білдіреді.

Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button