1 мамыр - Бірлік күні

Басты құндылығымыз – өзара құрмет

Сан ұлт пен ұлыс мекендеген қазақ даласы – Қазақстан халқының қара шаңырағы. 1 мамыр – халқымыздың бірлігі күні сол тату-тәтті өмір сүріп жатқан ұлт өкілдері бір-біріне деген сый-құрметін арттырып, ұлтаралық келісім аясында баршаға ортақ құндылықтарды насихаттайды. «Бірлік болмай, тірлік болмас» дегендей, берекені көздеген ел қашанда мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған.. «Береке бастауы – бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерекше.

[smartslider3 slider=2836]

Өткен жылдың қазан айында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: «Шындығында, Ассамблея Қазақстан халқы бірлігін нығайтудың пәрменді құралына айналып және барлық азаматтарды ортақ мемлекеттілік идеясы төңірегінде біріктіре алды» деді.

Елордалық ассамблеяның тарихы сонау өткен ғасырдың 90-жылдарындағы ондаған этномәдени орталықтан басталса, қазір оның қатары 21 бірлестікке жетіп отыр. Бүгінде бізде 56 шығармашылық ұжым, 10 этнолингвистикалық мектеп, 7 қоғамдық келісім кеңесі, 11 жастар қанаты, медиация кабинеті, ғылыми-сараптамалық топ, аналар кеңесі, «жастар ассамблеясы» қалалық штабы, ақсақалдар кеңесі, «Парасат» қайырымдылық қызметін үйлестіру орталығы, «Аналар ­аманаты» қолөнер орталығы, «Мәміле», ситуациялық пікірсайыс клубы, «Жыр орталығы» «ANK Live» тікелей эфир студиясы мен журналистер клубы жұмыс істейді.

Корейлердің «Будданың беті мүсіншіге байланысты» деген сөзі бар. Демек, елордалық Ассамблеяның бет-бейнесін жайшылықта жұмысы көрінбейтін, бірақ бейбіт өмірдегі нәтижесі ел бірлігі мен қоғамдық келісімде көрінетін қарапайым адамдар жасайды. Бұл – олардың ынта-жігері мен ізгілік қуатын, өз этносының өзіндік ерекшелігін сақтауға деген ұмтылысын көрсетеді. 2019 жылдан бастап елордалық ҚХА облыстық ассамблеялар үшін үлгілі типтік көрсеткіштерге қол жеткізуге бағытталған Қазақстан халқы Ассамблеясының Нұр-Сұлтан қаласындағы даму бағдарламасын іске асыру бойынша жұмыс жүргізуде. Бұл – өз ісіне шын берілген патриоттарының күнделікті тынымсыз еңбегі. Елорданың 20 жылдық мерейтойында этно-мәдени бірлестіктер сыйға алған Достық үйі тек Ассамблеяның ғана емес, елорданың сәулетті ғимараттарының қатарына қосылып, халықаралық және өңіраралық ынтымақтастықтың нағыз этномәдени, әлеуметтік, ақпараттық-әдістемелік орталығына айналды.

Достық үйі қызметінің негізгі бағыттарының бірі – іс-шараларды ұйымдас­тыру, дәстүрлі халықтық мерекелер, фестивальдер, концерттер, дөңгелек үстелдер, көрмелер мен семинарлар өткізу. 2021 жылы шамамен 252 іс-шара ұйымдастырылды, оның ішінде 36-ы республикалық және 9-ы халықаралық деңгейде өтті. Этномәдени бірлестіктердің шығармашылық әлеуеті де артып келеді. Саны елуден астам шығармашылық ұжымдардың бесеуі – «Чен Рю» корей хоры, «Раздолие» казактар ансамблі, Н.Литошко атындағы украин хоры, «Вайнах» шешен-ингуш ансамблі, «Дуслык» татар-башқұрт ансамблі «Халықтық» атағын алды. Қалалық ассамблеяның басым бағыты – өскелең ұрпақты отансүйгіштік пен толеранттылық рухында тәрбиелеу, оған этнолингвистикалық мектептердің қызметі ықпал етуде. Елордадағы 10 этнолингвистикалық мектепте 460-қа жуық оқушы білім алуда. Жастардың да әлеуеті дамып келеді: этно-мәдени бірлестіктер негізінде 11 жастар қанаты жұмыс істейді, «Жастар Ассамблеясы» республикалық Жастар қозғалысының қалалық штабы бар оның аясында көптеген маңызды әлеуметтік жобалар жүзеге асырылуда.

Негізгі бағыттардың бірі – мемлекеттік тілді оқыту. Достық үйінің қазақ тілі кабинетінде этно-мәдени орталықтың мүшелері оқиды. «Мәміле» қазақша ситуациялық клубы өз қызметімен танымал. ҚХА-ның «Қазақтану» мәдени-ағартушылық жобасын іске асыру барысында «Қазақтану» – ел бірлігінің негізі» республикалық ғылыми-практикалық конференциясы, «Ұлы даланың киелі мұрасы – ұлттық домбыра» әдеби-музыкалық кеші, этностар арасындағы қазақ дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын білуге арналған конкурс, үстел ойындарының фестивальдері өтеді. Халық ауыз шығармашылығын және музыкалық фольклорды дәріптеу мақсатында Дос­тық үйінің базасында «Жыр орталығы» жұмысын жандандыруда.

Қайырымдылық пен Қазақстан халқы Ассамблеясы – бөлінбейтін ұғымдар. Көмек, мейірімділік, өзара құрмет – халқымыздың ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан басты құндылықтары. Достық үйіндегі «Парасат» қайырымдылық қызметін үйлестіру орталығы этно-мәдени бірлестіктердің кәсіпкерлерімен бірлесе отырып, мұқтаж жандарға қажетті көмек көрсету бағытында тұрақты жұмыс жасауда. Мәселен, «Біз біргеміз!», «Игі істер марафоны», «30 игі іс» акциялары аясында жыл басынан бері 50 қайырымдылық акциясы өтіп, 5800 адамға көмек көрсетілді.

Ақсақалдар кеңесінің қызметі ұрпақтар сабақтастығына және толеранттылыққа тәрбиелеуге ықпал етеді. 6 қоғамдық келісім кеңесі ірі кәсіпорындар мен ұйымдар базасында мақсатты жұмыс жүргізуде. ЭМО жанында қоғамдық медиаторлар тіркелген. Меморандум аясында елорданың 17 медиация кабинетімен ынтымақтастық орнатылды.

«Халықтық» атағы 6 ансамбльге берілді. Атап айтқанда, олар – шешен-­ингуш этномәдени орталығының «Вайнах» ансамблі, «Мисон» корей би ансамблі, «Раздолье» орыс және казак әндері ансамблі, «Оберег» украин қоғамының Николай Литошко атындағы вокал ансамблі, «Дуслык» татар-башқұрт вокалды ансамблі және «Арқа әуендері» вокалды тобы.

Ғылыми-сараптамалық тобы
«Мәңгілік ел» контекстінде қоғамдық сананы жаңғырту және ұлттық кодты сақтау» жинағын шығарды. «Елорда Ассамблеясы» ақпараттық бюллетеньдері Нұр-Сұлтан қаласының этномәдени бірлестіктері мен астаналық ҚХА құрылымдарының жұмысын жариялайды.

Достық үйінің АНКLive тікелей эфир студиясында Қазақстан халқы Ассамблеясы Қазақстан қайраткерлерінің, ҚР дипломатиялық миссия өкілдерінің, шетелдегі қазақ диаспораларының қатысуымен Халықаралық домбыра күнін өткізді.

Достық үйінде «Аналар аманаты» орталығының базасында «Қарттарым, аман сау жүрші» іс-шарасы өтіп, онда ұлттық бас киім – тақия, киіз басу және құрақ көрпе жасау бойынша мастер-класс өткізілді.

Қайырымдылықты дамыту – қала ассамблеясы жұмысының маңызды бағыттарының бірі.

 Бұл – ынтымақ-бірлікпен бірлесе отырып атқарған жұмыстардың бір парасы ғана.

Өзара түсіністік, ұстамдылық, түрлі ұлт өкілдерінің рухани және мәдени құндылықтарына құрметпен қарау әдебі барлық этностарға ортақ жалпы халықтық идеалдар мен қасиеттерді қалыптастыруға күш салынуда.

Түпкі мақсатымыз – Қазақстан халқының бірлігін нығайту, жастарды достық пен ынтымақтастықта өмір сүруге тәрбиелеу.

 

Ләззат ҚҰСАЙЫНОВА,

Нұр-Сұлтан қаласы
Ішкі саясат басқармасы
басшысының орынбасары

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button