Сұхбат

БАСТЫСЫ – АРЗАН АЗЫҚ-ТҮЛІКПЕН ҚАМТУ

Мұрат Далабаев

Қаланы жеткілікті азық-түлікпен жабдықтау, көкөніс сақтау қоймалары мен жылыжайлардың жай-күйі, ауыл шаруашылық жәрмеңкелерін өткізудің әлеуметтік аз қамтылғандар үшін маңызы, тағы да басқа мәселелер туралы Астана қаласы Ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Мұрат Далабаев әңгімелейді.

 

– Бағаны тұрақтандыру үшін қандай жұмыстар жүргізілуде?

– Әлеуметтік маңызды азық-түлік тауар­ларына негізсіз баға өсуіне жол бермеу мақсатында жұмыс тобы құрылып, іс-шаралар жоспары бекітілді. Қалада сыйымдылығы алпыс тонна көкөніс сақтау қоймасы бар. Қазір жалпы сақтау көлемі 21 850 тонналық 5 көкөніс қоймасы жұмыс істеп тұр.

Маусымаралық кезеңде қалаға жеті мың бес жүз тонна жылыжай өнімдерінің қажеттілігі анықталды. Осыған байланысты жылына қуаттылығы 2 500 тонна өнім беретін екі жылыжай кешені – «Астана Эко Стандарт» ЖШС мен «Наурызалин» ЖК пайдалануға берілген. Қазіргі кезде қуаттылығы 3650 тонна  жылыжай құрылысы жүргізіліп, жалпы өнімділігі 5 200 тоннадан жоғары 3 жылыжай салу жобалануда.

Сонымен қатар Астана қаласының әкімдігі мен сауда ұйымдары арасында жыл сайын Астана қаласы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына көтерме-бөлшек сауданы жүзеге асыратын меморандумға қол қойылды. Қаланың сауда ұйымдарындағы азық-түлік бағасына әкімдіктің қызметкерлері күн сайын мониторинг жүргізеді.

Әлеуметтік павильондардың жұмысы қалай?

– Азық-түлік қауіпсіздігі бағдарламасын жүзеге асыру үшін бағаның тұрақтан­ды­рылуы мен әлеуметтік маңызды тауарларды сатуға шығаратын сауда павильондары «Сарыарқа-агро» ЖШС-ына берілді. «Сарыарқа-агро» – «Astana» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» ҰК» АҚ еншілес кәсіпорны. Мақсаты – Астана қаласында азық-түлік белдеуін құру.

Сауда павильондарын қала сыртына шығару туралы Астана қаласы мәс­ли­­ха­ты­ның қаулысына орай осы серіктестік басқарушы компанияны жалғыз оператор ретінде бұрынғысынша әлеуметтік аз қамтылғандарға азық-түлік бағасы жөнінен жеңілдік жасау үшін тартып отыр.

Қала аумағында аталған павильондарды қоюға рұқсат болмауына байланысты қазір уәкілетті органдар қала маңынан жер телімін бөлу мәселесін қарастыруда.

– Басқа да қандай іс-шаралар бар?

– Ауыл шаруашылығы өнімдерін көтерме-бөлшек саудаға шығаратын көп салалы сауда-логистика кешені құрылысының жобасы қолға алынды.

Тұрақты түрде ауыл шаруашылығы жәр­мең­келері өткізілуде.  Тағы бір атап өтерлігі, әкімдік «Қазақстан құс шаруа­шы­лы­ғы одағымен» «Құс шаруашылығы саласында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы» меморандум жасасты. Меморандум ішкі нарықта отандық құс шаруашылығы өнімдерін қолжетімді бағамен қамтамасыз етуге бағытталған.

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button