Ел тынысы

Бастысы – бірлік пен келісімді нығайту

Мемлекет басшысы Астана және Қазақстан митрополиті Александрды қабылдады. Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев Православ шіркеуінің ­Қазақстанда бірлік пен келісімді нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалап, дін саласындағы мемлекеттік саясат мәселелеріне тоқталды.

[smartslider3 slider=3382]

Мемлекет басшысы Қазақ­стан митрополиттік аймағының этносаралық және конфессия­аралық диалогты дамыту, адамгершілік құндылықтарды ілгерілету жолында ауқымды жұмыс атқарып жатқанын атап өтті.

Президент қыркүйек айында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі өтетінін айтты. Оның басты тақырыбы – адамзаттың пандемиядан кейінгі кезеңдегі рухани және әлеуметтік дамуында діни көшбасшылардың атқаратын рөлі. Қасым-Жомарт Тоқаев патриарх Кириллдің аталған форумға қатысуы жаһандық дінаралық және өркениет­аралық диалогқа тың серпін беретініне сенім білдірді.

Өз кезегінде митрополит Александр Мемлекет басшысына кездесуге мүмкіндік бергені үшін алғыс білдіріп, Қазақстан халқының игілігі жолындағы жаңғыруға бағытталған жасампаз реформаларды қолдайтынын жеткізді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button