1 мамыр - Бірлік күні

Басым бағытты атады

Қазіргі геосаяси жағдайда арандатушылыққа бой алдырмай қазақстандық патриотизмнің қағидаттары негізінде еліміздегі ауызбіршілікті сақтау маңыздылығын Президент «Ел бірлігі – жаңарған Қазақстанның тірегі» тақырыбымен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясы сессиясында баса айтты.

Өз сөзінде Мемлекет басшысы Ассамблеяның елімізде этносаралық татулықты сақтауға қосқан үлесін айрықша бағалап, жұмысын жандандыруға бағытталған 3 басым бағытын атап өтті.

1) Саяси реформаларды жүзеге асыруда Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлін арттыру.

2) Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық әлеуетін нығайтып, ақпараттандыру жұмыстарына айрықша мән беру.

3) Құқық қорғау саласын күшейту. Осы бағытта Ассамблея медиация негізінде кәсіби негізде келіссөздер жүргізетін ерекше қайталанбас институтты құруды бастады.

Нұрдәулет Оразханов,

Нұр-Сұлтан қаласы

мәслихатының депутаты

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button