#Жаңа Қазақстан

Басымдықтары бар AMANAT

Amanat партиясының Республикалық сайлауалды штабы мүшелерінің өңірлердегі сайлаушылармен кездесулері жалғасып жатыр. Кеше партиялықтар Шығыс Қазақстан облысына келді. Зайсан қаласында штаб мүшелері аудандық көпсалалы аурухана ұжымымен кездесіп, партияның «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасындағы денсаулық сақтау саласын дамыту шараларын талқылады.

Amanat төрағасы Ерлан Қошанов партия осы салаға, әсіресе, ауылдық жерлерде ерекше назар аударатынын атап өтті.

«Тағы бір басымдық – ауыл медицинасы. Алдағы 5 жылда партия ауылдағы санитарлық автокөліктерді жабдықтауды қолға алады. Ауылдағы жас маманға көтерме жәрдемақыны 10 миллион теңгеге дейін арттыруды қамтамасыз етеміз. Бұл ауылдағы кадр тапшылығы мәселесін шешуге мүмкіндік береді» деді партия төрағасы.

Осы күні аманаттықтар Зайсан және Тарбағатай аудандарының жұртшылығымен кездесті. Жүздесуде шекаралас елді мекендердегі көлік, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға баса назар аударылды.

Amanat партиясының сайлауалды бағдарламасы қазақстандық байланыс спутниктерінің көмегімен елдегі 500 шекаралас, шалғай және жету қиын ауылды интернетпен қамтамасыз етуді көздейді.

Amanat партиясының сайлауалды бағдарламасы қазақстандық байланыс спутниктерінің көмегімен елдегі 500 шекаралас, шалғай және жету қиын ауылды интернетпен қамтамасыз етуді көздейді.

Партия облыстық және аудандық маңызы бар автожолдарды салу және реконструкциялау жұмысын қолға алады. Қала мен ауыл халқын 100% сумен қамту үшін партия жаңа су қоймаларын салуды және жұмыс істеп тұрғандарын жаңғыртуды жоспарлап отыр

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button