Ел тынысы

Батыл әрекет елдігімізді сақтап қалды

Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігінде ­Алтай ­Көлгіновтің төрағалығымен ­Президенттің Жолдауындағы міндеттерді іске асыру бойынша қала активімен кеңес өтті.

[smartslider3 slider=2479]

«Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдау азаматтардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға және дағдарысқа қарсы шараларды іске асыруға бағытталған: биліктің өкілді тармағын қайта қалыптастыру, сайлау жүйесін жетілдіру, партия жүйесін дамыту үшін мүмкіндіктерді кеңейту, құқық қорғау инс­титуттарын күшейту, елдің әкімшілік-аумақтық құрылымын жетілдіру және тағы басқалар. Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің мүшесі Владимир Божко елдігімізден айырылмауға мүмкіндік берген – қаңтарда қабылданған батыл қадамдары үшін Президентті қолдаудың маңыздылығын атап өтті.

«Мемлекет басшысы өз Жолдауында еліміздің тұрақты дамуына сәйкес келетін басымдықтар мен шарттарды белгіледі. Бірлігіміздің арқасында біз қаңтар айында мемлекетті қорғап, Президент Қ.Тоқаевтың дер кезінде қабылдаған шаралары нәтижесінде бүлікшілерге батыл тойтарыс бердік. Қаңтардағы оқиғалар кезінде арам ниеттілер әртүрлі саладағы ауқымды өзгерістерге қарсы тұру үшін Қазақстанды қауіпті нүктеге айналдыруға, елімізді бүлдіруге, бейбіт өмірдің шырқын бұзуға, Президентті биліктен кетіруге, мемлекеттілікті құлатуға ұмтылды. Сол кездегі Президент қабылдаған батыл шешімдері іс жүзінде тонаушыларға, террористерге, бүлік шығарғандарға лайықты тойтарыс болды. Президент осы қадамдары арқылы еліміздің тыныштығын сақтап қалды. Осы оқиғаларға қарамастан, Мемлекет басшысы Жолдауда әрі қарай демократияландырудың маңыздылығын атап өтті» деді Владимир Божко.

Мемлекет басшысының сая­си жүйені жүйелі жаңғырту бағдарламасын ұсынғаны мәлім. Елорда әкімі Алтай Көлгінов саяси реформалар әлеуметтік-­экономикалық дамуға серпін беруге бағытталғанын атап өтті. «Қазіргідей күрделі кезеңде халықтың бірлігі мен қолдауы аса маңызды. Жолдауда белгіленген жаңа өзгерістерді бірлесіп іске асыру барлық тұрғындардың мүддесіне сай келеді. Азаматтардың әлеуметтік жағдайын жақсарту мәселесі жұмысқа орналасумен тікелей байланысты. Биыл 28 мыңнан астам жұмыс орнын құруды жоспарлап отырмыз, оның 24,5 мыңы тұрақты жұмыс орны болмақ. Биыл жастар үшін 7 мыңға жуық жұмыс орнын ашып, 1 мыңнан астам пәтер кілтін тапсырамыз. Сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша кезекте тұрғандарға арналған әлеуметтік тұрғын үй құрылысының көлемі 3 мыңнан 10 мыңға дейін артты» деді Алтай Көлгінов.

Бұдан бөлек, 170 мыңнан астам адамды әлеуметтік жағынан қолдау жоспарланып отыр. Дағдарысқа қарсы шаралар шеңберінде шағын және орта бизнесті қолдау шаралары да жалғасады

Тағыда

Төлен Тілеубай

«Астана ақшамы» газетінің шеф-редакторы

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button