Жаңалықтар

БАТЫР АНАЛАРДЫҢ ҚАТАРЫ КӨБЕЙДІ

Кеше Алматы ауданының әкімі Бекбол Сағын көпбалалы аналарға «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» тапсырды.

Әйел қауымын көктемнің алғашқы мере­кесі – Халықаралық әйелдер күнімен құт­тықтаған аудан әкімі: «Сіздерді көктемнің алғашқы күндеріне сәйкес келетін тамаша мерекелеріңізбен құттықтаймын. Елбасының Жарлығымен осы әдемі мейрам қарсаңында көп бала тәрбиелеп өсірген аналарға алтын және күміс алқа тапсыратын дәстүр бар. Бү­гінде олардың қатары көбейіп келе жатқаны қуантады» деп атап өтті.

Қазіргі таңда Астанада көп балалы аналардың саны 7700 болса, соның 4235-і Алматы ауданында тұрады екен.  Биыл  алты ана «Алтын алқа» еншілесе, 20-сы «Күміс алқалы» болып отыр. Марапатталғандардың ішінен 7 бала тәрбиелеп өсірген Күндей Нүркенова әжей сөз сөйлеп, алғысын білдірді. Іс-шара соңында көпбалалы аналарға бағалы сыйлықтар тапсырылды.

Қымбат НҰРҒАЛИ

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button