Жаңалықтар

БАТЫР ЕСІМІН АРДАҚТАДЫ

DSC_4991

Конституция күні қарсаңында Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне арналған орталық клиникалық госпитальде қазақ халқының даңқты батыры – Рақымжан Қошқарбаевтың туғанына 90 жыл толуына арналған ғылыми-практикалық конференция өтті. Мекеме директоры Әділхан Абдулиннің жетекшілігімен ұйымдастырылған шараға Ресейдің Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі М.Бочарников, Парламент Мәжілісінің депутаты Н.Петухова және бір топ ғалым қатысты.

Жиын Рақымжан Қошқарбаев пен Григорий Булатовтың Рейхстаг ғимаратына тіккен Жеңіс туы салтанатты жағдайда әкелініп, ерлікке тағзым етуден басталды.

Мемлекет тарихы институтының жетекші ғылыми қызметкері Сейітқали Дүйсен «Рақымжан Қошқарбаевтың өмірі мен жауынгерлік ерлігі» туралы баяндама оқыса, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ докторанты Махаббат Қозыбаева Григорий Булатов жөнінде тың деректермен бөлісті. Өз кезегінде сөз алған Альпинистер одағының вице-президенті Серікқали Мұқанов «Жеңіс туының жауынгерлік жолы: «Рейхстаг-Мәскеу-Астана» тақырыбында баяндама жасады. Ал, Берлин соғысының тірі куәгерлері Қадан Бекенов, Моисей Гольдберг және Ілияс Екібаев сұм соғыста көрген қиыншылықтарын айта келе, жастарды Отанды сүюге шақырды.

Гүлмира ШАРХАНҚЫЗЫ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button