Мәдениет

Батырхан мемориалы салынады

Биыл елордада танымал музыкант, әнші-композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Батырхан Шүкеновке арналған қоғамдық кеңістік ашылады. 18 мамыр күні талантты өнерпаздың туғанына 60 жыл толады. Осыған орай бас қаладағы Президент саябағында шығармашылық кештер, воркауттар мен көрмелер өткізетін мемориал салынады.

[smartslider3 slider=1760]

Өткен жазда Батырхан Шүкеновке ескерткіш орнатуға арналған идеялар байқауы жария­ланған болатын. Көптеген нұсқа қарастырылды. Кейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің урбанистика орталығы мен Батырхан Шүкенов қорымен бірлескен жұмысының нәтижесінде саябақ аймағында шығармашылық кеңістік түрінде мемориал жасау туралы шешім қабылданды. Жоба жеке қаражат есебінен жүзеге асырылады.

«Ольга Веселова, Ладо Ломиташвили, Әсел Есжанова сынды мемориал авторлары ұсынған жоба бойынша алаңға биіктіктен қарағанда барлығының сүйікті орындаушысының атын көруге болады. Тақырыптық алаңда серуендеп, оның шығармашылығына бір табан жақындауға болады» дейді елорданың Урбанистика орталығының басшысы Елнар Базыкен.

Аталған алаңда павильондар салу жоспарланып отыр. Онда ғылыми-танымал дәріс­тер өткізіледі, паблик-арт бойынша жазғы мектеп, концерттер, театр қойылымдары, көркем перформанстар мен қойылымдар жұмыс істейді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button