Елорда тынысы

Батырларға құрмет көрсетілді

Алғыс айту күні Астанадағы «Құтқарушылар» алаңына гүл шоғы қойылып, қызмет барысында қаза тапқан батырларға тағзым етілді. Іс-шараға Байқоңыр ауданы әкімінің аппараты, елордалық Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары және қала тұрғындары қатысты.

«Елде соңғы жылдары болған табиғи апаттарда әр аймақта қызмет ететін төтенше жағдай қызметкерлері міндеттеріне адалдық танытып, тұрғындарды қауіпті жағдайдан құтқаруды кәсібилік танытып жүр. Өзгелерді құтқарамын деп қайтыс болып кеткен құтқарушылар да аз емес. Олардың қатарында Асқар Забикулинді ерекше атаған жөн. Түркияда болған жер сілкінісіне құтқарушылар мен дәрігерлер барып, сын сәтте бірнеше адамды аман алып қалды» деді Астана қаласы Байқоңыр ауданының әкімі Ерлан Жаулыбаев.

Жиналған қауым іс-шара барысында қызмет барысында қаза тапқан батырлардың рухына тағзым ретінде ескерткішке гүл шоқтарын қойып, бір минуттық үнсіздікпен еске алды.

Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, полковник Дастан Алдабеков, Түркия елшісінің коммуникациялар жөніндегі кеңесшісі Махмут Шевкет Байрам құттықтау сөз сөйледі.

Жиналғандар әр құтқарушыға қауіпті міндетті арқалап жүргені үшін алғыс айтып, еңбегін батырлыққа теңеді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button