Қоғам

Бауырсақ пісіруден дәріс өткізді

Жуырда елордамыздағы №91 мектеп-гимназияда ашық есік күніне орай «Дәстүрге толы дәм: ұлттық рухты жаңғырту» атты әлеуметтік жоба ата-аналарға таныстырылды. 5 «ә» сыныбының жетекшісі Зүлфия Бейсенованың авторлық жобасының негізгі мақсаты – ұлттық тағамдарды насихаттау арқылы қазақ халқының мәдени-рухани мұрасын жаңғырту, ұлттық тағамдарды пісіру мен дайындау тәжірибесін жас ұрпаққа жеткізу.
         Бір сүйсінерлігі, ашық есік күніне жиналған қауымға бауырсақ пісіруден шеберлік дәрісі өтті. Дәріске 5 «ә» сыныбының ата-аналары, атап айтқанда Жанар Бердигараева, Айнұр Көпбева және басқалар қатысты. Осы жобаға арнайы қонақ ретінде шақырылған ардақты әжелеріміз – Төкен Қорғанбекова, Тамарахан Айтуғанова жас буынға өсиет айтып, ұлттық тағамдарға қатысты ақыл-кеңесімен бөлісті.
Қазақтың дастарханын бауырсақсыз көзге елестете алмаймыз. Өйткені бауырсақ дәмді тағам ғана емес, ол – халқымыздың қонақжайлығы мен дархандығының, кеңпейілділігі мен ынтымағының, берекесі мен бірлігінің белгісі. Құтты қонақтар дәріс барысында осы құндылықтарды тарқатып айтып, оқушылар мен мұғалімдердің назарына қызықты, тартымды мәліметтер ұсынды. Шеберлік дәрісіне қатысқан ата-аналар мұндай пайдасы зор дәрістердің мектепте жиі-жиі өткенін құптайтынын жеткізді. Әсерлі жүздесудің соңында 5 «ә» сыныбының оқушысы Айзере Оразғали күй тартып, жұрттың көңіл күйін көтерді. Ал «Орамал тон болмайды, жол болады» деген қазақы дәстүрді берік ұстанатан Төкен апа сынып жетекшісі Зүлфия Бейсеноваға Кенжеболат әулетінің «Әркімнің жолы – әртүрлі сапар» атты кітабын сыйға тартты. Әлеуметтік жобаға қатысушыларға арнайы сертификат тапсырылды.
Зүлфия БЕЙСЕНОВА,
Астана қаласындағы № 91 мектеп-гимназияның мұғалімі

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button