Жаңалықтар

Баяғы ЦСКА -дай болар ма екен ?!

КХЛ чемпионатында өнер көрсететін астаналық “Барыс” бүгін өз алаңындағы кезекті сериясын бастайды.

Бүгін, 22 қарашада Риганың  “Динамо” командасын қабылдайды. Ойын сағат 19.00-де басталады.

Жексенбі, 24 қараша күні  Астанаға Мәскеудің ЦСКА клубы қонаққа келеді. Бүгінгі таңда ЦСКА командасының бұрынғыдай абырой-беделін ( Совет Одағының бірнеше дүркін, Еуропалық клубтық турнирлерінің жеңімпазы, КСРО құрамасының негізгі базалық командасы) көтеру үшін жан-жақты жағдайлар жасалып жатқандай. Ресейдегі үздік хоккейшілерді осы клубқа топтастырыла бастады. Радулов, Морозов…  сияқты мықты ойыншылар қазір ЦСКА жейдесімен ойнап жүр. Сондықтан “Қазақстан” спорт сарайында өтетін “Барыс” – ЦСКА арасындағы ойын өте тартысты өтетіні болжанып отыр. Матч сағат 17.00-де басталады.

“Барыс” 26 қараша күні Братиславаның “Слован”, ал 28 қараша күні Праганың “Лев” командаларын қабылдайды. Бұл ойында сағат 19.00-де басталады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button